Қазақстанда тұрғын үй қымбаттайды

31 тамыздан бастап елде үлестік қатысуға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Ulysmedia.kz коллажы

Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Нұрмахан Алданов Қазақстанда қайталама тұрғын үй қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

31 тамыздан бастап елде үлестік қатысуға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Соған байланысты Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға деген қызығушылық төмендеуі мүмкін. Жаңа заң бастапқы тұрғын үй нарығындағы мәмілелерге қатаң талаптар енгізіп, банктер арқылы бақылау орнатады және «көлеңкелі» схемаларға тыйым салады. Сарапшылардың пікірінше, мұның барлығы қысқа мерзімде жаңа үйлерге деген сұранысты азайтып, екінші нарықтағы пәтерлердің позициясын күшейтеді.

— Бастапқы тұрғын үйге жасалатын мәмілелердің саны азаяды деп ойлаймын. Халық салынып жатқан үйлерді сирек сатып алып, екінші нарықты көбірек таңдайтын болады. Бастапқы нарықтағы сұраныс төмендейді. Өйткені үлестік қатысу жүйесі толыққанды іске қосылғанша уақыт қажет болады – жүйе жұмыс істеп, скоринг енгізілгенше бірнеше ай өтуі мүмкін. Сол себепті алғашқы нарық бәсеңсіп, сұраныс дайын тұрғын үйлерге ауысады, – деді жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Нұрмахан Алданов Digital Business басылымына.

Ал құрылыс компаниялары сатып алушыларын жоғалтпау үшін бағаны төмендетіп, жеңілдіктер ұсынып, бөліп төлеу жүйелерін енгізе бастайды.

— Қазірдің өзінде көптеген компания “комбо-пакеттер” ұсынуда: мысалы, 1 қыркүйекке дейін үш бөлмелі пәтер сатып алсаң қойма сыйға беріледі, ал автотұраққа 50% жеңілдік жасалады. Бұл заң күшіне енгенге дейін қаражат жинау үшін жасалып жатқан қадамдар (қағаз жүзінде емес, нақты іс жүзінде), – деп түйіндеді Нұрмахан Алданов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром11.83 ℃
Днем25.82 ℃
Вечером25.23 ℃
Ночью22.1 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.46 м/с
2026-08-18
Утром17.51 ℃
Днем31.08 ℃
Вечером33.08 ℃
Ночью21.2 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с