Ет қымбаттап жатыр: Мал басы көбейсе де, баға неге өспей қоймайды?

Негізгі себеп – шығындардың қымбаттауы.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда мал саны артып келеді. Алайда халық етті арзандап емес, керісінше қымбаттап жатқанын сезінуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі LS-ке берген ресми жауабында бұған малдың азаюы емес, өндірістік шығындардың шарықтауы себеп екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Негізгі себеп – шығындардың қымбаттауы

Министрліктің мәліметінше, ет бағасына электр қуаты, дизель отыны, газ, су мен жылу тарифтерінің өсуі тікелей әсер еткен. Сонымен қатар, жем-шөп пен жанармай да қымбаттап отыр.

Мал саны азайған жоқ

2025 жылдың алғашқы алты айында ірі қара саны 8,3%-ға өсіп, 8,8 млн басқа жеткен. Қой – 21,5 млн (+0,8%), жылқы – 4,7 млн (+4,7%), түйе – 301 мың (+4,5%), құс – 47,7 млн (+2,7%). Ет өндірісі де артқан: биылғы сойыс салмағы 529 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға көп.

ғаламтордан

Шектеу енгізілді

Биыл 1 мамырдан бастап 30 қазанға дейін аналық мал мен бұқаларды шетелге шығаруға уақытша тыйым салынды. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алу үшін жасалған.

Мемлекеттік қолдау

Министрлік мал шаруашылығын дамытуға түрлі жеңілдіктер ұсынып отыр:

асыл тұқымды малға жеңілдетілген несие,

бордақылау алаңдарына инвестицияның 25%-ын өтеу,

фермерлерге 5%-дан басталатын арзан несие,

“Ветмобайл” пен “Төрт түлік” мобильді қосымшалары арқылы процестерді жеделдету.

Мамандардың айтуынша, қабылданып жатқан шаралар өндіріс көлемін ұлғайтып, инфляциядан жоғары баға өсуіне жол бермеуі тиіс. Алайда қазіргі таңда ет бағасының қымбаттауына ең басты кедергі – жем-шөп, жанармай және коммуналдық шығындардың өсуі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.06 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с