Қазақстанда қалалардағы рұқсат етілген жылдамдықты төмендетпек

Қазақстанда алғашқы алты айда 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 54 оқиғаға көп. Құқықтық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан 22 346 адам зардап шекті, оның ішінде 955 адам қаза тапты.

Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Қазақстанда елді мекендерде көліктің рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын төмендету мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев бұл мәселеге жол-көлік оқиғаларының көбеюі мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап беру барысында тоқталды. Оның айтуынша, есепке алу ережелеріне енгізілген өзгерістерге байланысты бастапқыда апаттар саны күрт өскенімен, қазіргі кезде жол-көлік оқиғаларының өсу қарқыны мен зардап шеккендер санының төмендеуі байқалады.

Алайда комитет басшысы жол-көлік апатының саны тұрақты түрде артып келеді» деген пікірмен келіспейтінін айтты. Оның түсіндіруінше, жыл басынан бері 65-70%-дық күрт өсім жолдағы жағдайдың нашарлауынан емес, есепке алу мен тіркеу тәртібіндегі өзгерістерден болған.

«Қазір қабылданған практикалық және заңнамалық шаралардың нәтижесінде өсу қарқыны шамамен 30%-ға төмендеді», – деді Сұлтанбаев.

Жылдамдықты төмендету мәселесіне қатысты ІІМ өкілі бұл бастама қарастырылып жатқанын растады.

«Бұл мәселені жұмыс тәртібінде қарап жатырмыз. Парламент депутаттары каникулдан шыққан соң, олармен осы мәселені талқылаймыз», – деді ол.

Қорытынды шешім ІІМ жариялаған «Профилактика жылы» аясында және заң үстемдігі қағидатына сәйкес қабылданады. Депутаттармен талқылау нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Сұлтанбаевтың мәлімдемесіне қарамастан, Қазақстанда алғашқы алты айда 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 54 оқиғаға көп. Құқықтық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан 22 346 адам зардап шекті, оның ішінде 955 адам қаза тапты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-07
Утром18.57 ℃
Днем19.06 ℃
Вечером16.16 ℃
Ночью14.93 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра6.88 м/с
2026-09-08
Утром13.22 ℃
Днем15.15 ℃
Вечером15.27 ℃
Ночью13.13 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра7.74 м/с