БҚО-да көгілдір отын төлемін төлеуге 840 отбасыға жеңілдік ұсынылды
Газ ваучері – бұл мемлекеттен көмек алатын отбасыларға тауарлық газды арзанырақ бағамен сатып алуға берілетін цифрлық сертификат.

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін (ТӘК) алушыларға eGov порталы арқылы тауарлық газға ваучерлер беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бастама БҚО мен Шымкентте сынақтан өтті.
Ваучерді қалай алуға болады?
Газ ваучері – бұл мемлекеттен көмек алатын отбасыларға тауарлық газды арзанырақ бағамен сатып алуға берілетін цифрлық сертификат.
АӘК немесе ТӘК алып жүрген азаматтардың ұялы телефонына «QazaqGazAimaq» АҚ тарапынан 1414 нөмірінен ваучер туралы SMS-хабарлама келеді. Хабарламаны алғаннан кейін ваучерді eGov Mobile қосымшасындағы«Әлеуметтік әмиян» сервисіне қосу қажет.
«QazaqGaz Aimaq» Sarapshy.info редакциясына өңірде ваучер бойынша газбен қамтылған тұрғындар саны туралы мәлімет берді.
Ваучерді пайдаланған отбасылар саны:
- желтоқсан 2024 ж. – 840
- қаңтар 2025 ж. – 839
- ақпан – 359
- наурыз – 405
- сәуір – 360
- мамыр – 210
- маусым – 111
- шілде – 191
Жеңілдік сомасы:
- желтоқсан 2024 ж. – 1,09 млн тг
- қаңтар 2025 ж. – 1,09 млн тг
- ақпан – 606,5 мың тг
- наурыз – 525,2 мың тг
- сәуір – 232,3 мың тг
- мамыр – 275,1 мың тг
- маусым – 69,7 мың тг
- шілде – 130,9 мың тг
2025-2027 жылдар аралығында ішкі нарықтағы газ бағасы жыл сайын 33%-ға өсіп, үш жылда екі есеге қымбаттауы мүмкін. Бұл QazaqGaz ұлттық компаниясын IPO-ға шығаруға дайындау аясында жүргізілмек.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, аталмыш бастама халыққа қолма-қолақша бермей-ақ, цифрлық форматта қолдау көрсетудің тиімді жолы.
