Орал әуежайы авиакеросин бағасын көтерді деген күдікке ілінді

Қазақстанда 11 әуежайға қатысты тергеу басталды.

«ОА» мұрағатынан

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі авиакеросинге монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Авиакеросиннің көтерме және бөлшек сауда нарықтарына жүргізілген талдау халықаралық жолаушылар және жүк әуе тасымалдаушылары үшін отын құнының негізсіз өсуіне әкелген.

Авиакеросин өткізу нарығында отандық әуе компаниялары авиакеросинді жер қойнауын пайдаланушылардан мемлекеттік жеткізу кестелері бойынша тікелей алады, ал шетелдік әуе тасымалдаушылар – көтерме және бөлшек жеткізушілер тізбегі арқылы.
«Авиакеросин нарығында баға белгілеуге әсер ететін бәсекелестікті шектеудің басқа тәжірибесі қалыптасты. Ол – авиакеросин жеткізушілерін әуежайлардың сақтау және өткізу инфрақұрылымына жіберуден бас тарту әдісі. Әуежайлар немесе онымен аффилиирленген ұйымдар халықаралық жолаушылар және жүк әуе тасымалдаушыларына авиакеросинді бөлшек саудада сатқан жағдайда, оның құны 60%-ға дейін өседі. Қазақстан әуежайларындағы авиакеросин бағасы көршілес елдердегіден 5–30% жоғары, бұл соңғы бес жылда жүк әуе тасымалдарының 36%-ға, халықаралық қатынастардың 58%-ға төмендеуіне әкеліп соқты», — деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау агенттігі.

Әуежайлардың авиакеросин өткізумен айналысуы 2017 жылы табиғи монополия субъектілерінің өзге, реттелмейтін қызмет түрлерімен айналысуға қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін және әуежай қызметтері тарифтерінің ұсталып тұруына байланысты басталды. Нәтижесінде әуежайлардың қызметін қаржыландырудың 80%-ға жуығы авиакеросин сатудан түскен кірістер есебінен қамтамасыз етілуде.

Бірқатар әуежайларда инвестициялық жобаларды аяқтау үшін, инвестициялық жобалар аяқталғанға дейін авиакеросин өткізу қызметін жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ әуежай инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі шаралар бастау алуда, оған әуежайлардың кейбір қызметтері тарифтерін ішінара реттеу және ұлғайту арқылы олардың шығынсыз жұмысын қамтамасыз ету, импорттық авиакеросинді әкелуге қойылған шектеулерді алып тастау және өзге де шаралар кіреді.

Сонымен қатар Агенттік авиакеросинге монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру бастады. Атап айтқанда «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ, «Сары-Арқа әуежайы» АҚ, «Шымкент әуежайы» АҚ, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ, «Өскемен халықаралық әуежайы» АҚ, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ, «Орал халықаралық әуежайы» АҚ, «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС, «Жезқазған-Эйр» әуе компаниясы» АҚ. Сонымен қатар авиакеросинді қайталама көтерме өткізу нарығындағы жеткізушілерге қатысты да тексерулер жүргізілуде.

Бүгінде агенттік 2023 жылы мұнайды қайта өңдеу қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілеу және ұстап тұру түріндегі үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтаған. Оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-15
Утром5.58 ℃
Днем10.17 ℃
Вечером6.99 ℃
Ночью7.05 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.64 м/с
2025-11-16
Утром5.67 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером3.55 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.75 м/с