Қазақстанда енді мейіргерлер жүкті әйелдер мен сәбилерді үйіне барып қарайды

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер бұл жаңа енгізіліп отырған өзгеріс емес екенін атап өтті. 2014 жылы ЮНИСЕФ қолдауымен Қызылорда облысында пилоттық жоба іске асырылып, кейіннен бұл тәжірибе бүкіл елге таралған. Енді министрдің бұйрығымен патронажды мейіргердің мәртебесі мен міндеттері ресми түрде бекітіліп отыр.

 Фото — ашық дереккөз

6 қыркүйектен бастап Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жаңа қызмет – патронажды мейіргер пайда болады. Мұндай мамандар жүкті әйелдер мен кішкентай балалары бар үйлерге барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі қол қойған құжатқа сәйкес, мұндай маман жүкті әйелдерге екі рет, ал ерте жастағы балаларға он рет барады.

Сондай-ақ ол денсаулыққа, дамуға және қауіпсіздікке қатысты кауіп-қатерлер анықталған жағдайда, жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға жеке жоспарға сәйкес қосымша барады, анықталған қауіп-қатерлер туралы дәрігерге хабарлайды.

Басқа мамандардың (әлеуметтік қызметкердің, психологтың, педиатрдың, бейінді мамандардың) қатысуын талап ететін қауіп-қатерлер анықталғанда, отбасын кешенді сүйемелдеу жоспарын әзірлеу мен іске асыруға белсенді қатысады.

Ауырған бала анықталғанда, қауіп белгісінің, шұғыл белгілердің болуын бағалайды, орта медицина қызметкерінің өкілеттігі шегінде шұғыл көмек көрсетеді және дереу дәрігерге хабарлайды.

Бұған қоса патронажды мейіргердің міндеттеріне:

-жүкті әйелді, балалардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін босануға дайындау, ерте жастағы балаларға күтім жасау, қауіпсіз орта қалыптастыру, балалардың ерте дамуы бойынша оқыту;

— жүкті әйелге, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тамақтану, күтім жасау, үй жағдайындағы қауіпсіздік пен гигиена, тек қана емшек сүтімен тамақтандыру, өмірге, денсаулыққа және дамуға қауіп төндіретін белгілер мен қауіп-қатерлер бойынша кеңес беру кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер бұл жаңа енгізіліп отырған өзгеріс емес екенін атап өтті. 2014 жылы ЮНИСЕФ қолдауымен Қызылорда облысында пилоттық жоба іске асырылып, кейіннен бұл тәжірибе бүкіл елге таралған. Енді министрдің бұйрығымен патронажды мейіргердің мәртебесі мен міндеттері ресми түрде бекітіліп отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.41 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с