БҚО жыл басынан бері өрт салдарынан 9 адам қаза тауып, үш адам жарақат алған

Өңірдегі 465 өрт оқиғасының тең жартысынан астамы тұрғын үйде тіркеліп отыр.

Фото: ТЖМ

БҚО ТЖД бастығының орынбасары Елдос Батталовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде тұрғын үй секторында 247 өрт оқиғасы (өткен жылы осы мерзімде – 240, өсім – 2,4 пайыз) тіркелді, бұл – барлық өрттің 53,1 пайызы.

Елдос Нұрланұлының сөзіне қарағанда, өткен жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үйде 186 өрт болып, алдыңғы маусымдағыдан (175) 6,2 пайызға асып түсті. 4 адам (2023-2024 жылғы маусымда – 4) мерт болып, жетеуі (3) жарақат алды. Өрт болмаса да, бір адам газдан уланды. 
Өрт саны, әсіресе, Теректі (+11), Бәйтерек (+5), Бөкей ордасы (+4), Жаңақала (+4) және Жәнібек (+5) ауданында айтарлықтай артып отыр.

Фото: ТЖМ

Талдау өрттің көбінесе электр жабдықтарын техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, абайсыздық, қасақана өрт қою, балалардың отпен ойнауынан шығатынын көрсетіп отыр. Алдағы жылыту маусымы кезінде оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында екі кезеңде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Бірінші кезең 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, екіншісі жылу беру аяқталғанға созылады, — деді Е.Батталов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.41 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером15.4 ℃
Ночью12.64 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.99 м/с
2026-04-20
Утром9.06 ℃
Днем11.04 ℃
Вечером11.9 ℃
Ночью10.97 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.9 м/с