АШМ ет неге қымбаттағанын түсіндіруге тырысты

Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте сиыр еті бағасының өсуі мен ішкі нарықта ет тапшылығының ықтималдығына қатысты алаңдаушылық байқалып отыр. 

Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі еттің бағасы тұрақты деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте сиыр еті бағасының өсуі мен ішкі нарықта ет тапшылығының ықтималдығына қатысты алаңдаушылық байқалып отыр. Алайда министрлік мәліметінше, биыл 7 айдағы нақты деректер саладағы тұрақтылық пен оң динамиканы көрсеткен.

МАЛ САНЫ

Шілде айының соңындағы жағдай бойынша ірі қара мал басы 8,7 млн басқа жетті, оның ішінде 4,5 млн сиыр (+3,1%). Бұзаулардың саны 2,7 млн басқа дейін өсті (+17,9%), бұл өндіріс көлемін одан әрі арттыруға негіз.

ҚАНША ТОННА ЕТ ӨНДІРІЛДІ

Қаңтар–шілде айларында елде 608,8 мың тонна ет өндірілді (+1,8%), оның ішінде 205,7 мың тоннасы сиыр еті. Бұл ішкі нарықта жеткілікті ұсыныстың барын және саланың тұрақты дамуын растайды.

Ulysmedia.kz коллажы

ЕТТІҢ БАҒАСЫ

Өндірушілерден шыққан ІҚМ етіне көтерме бағалар кг 2400–3100 теңге аралығында, бөлшек саудада — 3000–3700 теңге/кг, өңірге байланысты өзгеріп отырады. Бағаның өсуі ішкі факторларға байланысты: селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялау тоқтатылды, энергия ресурстары қымбаттады (электр энергиясы +11,3%, газ +15,9%, су +96%-ға дейін), жем-шөп, ЖЖМ, ветеринарлық препараттар құны артты, АӨК-дегі жалақы көтерілді, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі делдалдардың әсері байқалады.

ЭКСПОРТ

Сонымен қатар, қазақстандық сиыр етіне сыртқы нарықтағы сұраныс артып келеді. Қаңтар–маусым айларында экспорт көлемі 16,1 мың тоннаны құрап, 2,4 есе өсті. Негізгі бағыттар — Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай және БАӘ. Бұл отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді.

— Бағаның өсуіне қарамастан, қазіргі сиыр еті құны өндірушілер үшін әлі де табысты болып отыр. Мемлекеттік қолдау ұсыныстың қысқаруына емес, артуына ықпал етіп, ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуде. Осылайша, ет саласындағы жағдай бақылауда және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, тұрақты дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады, делінген хабарламада. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-11
Утром9.29 ℃
Днем18.77 ℃
Вечером13.36 ℃
Ночью9.6 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.39 м/с
2026-10-12
Утром10.35 ℃
Днем19.74 ℃
Вечером17.15 ℃
Ночью13.27 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.8 м/с