Батыс Қазақстанда биыл «Мектепке жол» акциясына бөлінген қаржы қысқарды

БҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында бюджеттен 433,5 млн теңге бөлінген. Бірақ бұл қаражат былтырғы көрсеткіштен аз. Бұл жөнінде БҚО білім басқармасы хабарлады.

Ашық дереккөзден

Бұған 2024 жылы болған төтенше жағдай әсер етті дейді. Себебі төтенше жағдайдан зардап шеккендерге бөлінген қаржылай көмек көлемі көбейген.

«2024 жылы төтенше жағдай салдарынан көмек алушылардың санының көп болуына байланысты, 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда бюджеттік қаражат 33,6 млн теңгеге кем қарастырылған», — деп жауап берді Sarapshy.info сауалына аталған басқарма.

Биыл өңірде 9 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетіліп отыр.

БҚО білім басқармасының дерегінше, биыл әлеуметтік осал топтағы балаларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде – 46 228 теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.

Бұл үшін облыс бойынша 433,5 млн теңге бөлініп, 21 тамызға дейін оның 379,4 млн теңгесі игерілді.

Демеушілер есебінен 1189 оқушы мектеп формасы, аяқ киім және кеңсе тауарлары алынды. Акция аясында кәсіпкерлер, жеке қорлар көмектестіп жатыр.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-05
Утром19.08 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером25.99 ℃
Ночью21.23 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.84 м/с
2026-09-06
Утром17.73 ℃
Днем29.78 ℃
Вечером28.64 ℃
Ночью19.68 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.47 м/с