Қазақстанда әскерге барудан жалтарғандар сотталуы мүмкін

Әскерге барудан жалтарғандарға нақты жаза тағайындалуы мүмкін.

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанда әскери қызметке шақырылудан бас тартқандар жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ- ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартқаны үшін заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауаптылық көзделгенін атап өткім келеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 647-бабында әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы кодекстің 648-бабында әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтарғаны үшін әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, — деп түсіндірді ведомство өкілі.

Айтуынша, әскерге барудан жалтарғандарға нақты жаза тағайындалуы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаса, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы, аурумын деп жалған сылтаурату жолымен, жалған құжат жасау немесе өзге де алдау анағұрлым қатаң жазаланады, — деді Фархат Айдарбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-15
Утром18.02 ℃
Днем26.45 ℃
Вечером23.63 ℃
Ночью22.48 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8.1 м/с
2026-07-16
Утром19.35 ℃
Днем28.59 ℃
Вечером26.44 ℃
Ночью21.81 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.97 м/с