2026 жылдан бастап айыппұлдар мен утиль алымының мөлшері қанша болады

Үкімет «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын дайындады.

Фото: egemen.kz

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айыппұлдар мен утиль алым 10% өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болады, бұл қазіргіден 10%-ға жоғары (биылғы 3 932 теңге). Айлық есептік көрсеткішпен бірге көлік жүргізушілері төлейтін төлемдер де өседі.

Мәселен жылдамдықты 10-20 км/сағ асырған, қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер төлейтін танымал 5 АЕК айыппұл мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге өседі.

Утиль алымының базалық мөлшерлемесі де (50 АЕК) 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге өседі. Осыған сәйкес қозғалтқыш көлемі 1000 текше см-ден аспайтын жеңіл көліктерді елге кіргізу үшін 324 375 теңге төлеуге тура келеді. Қозғалтқыш көлемі 1001–2000 текше см-ге дейінгі көліктер үшін қазынаға – 756 875 теңге, 2001–3000 текше см-ге дейінгі көлік үшін – 1 081 250 теңге, 3 литрден жоғары көлік үшін 2 486 875 теңге төленуге тиіс.

1 қаңтардан бастап сақтандыру полисінің құны да артады. Өйткені базалық сақтандыру сыйақысы айлық есептік көрсеткішке байланысты – 1.9 АЕК (2025 жылы 7470.8 теңге).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-14
Утром-6.91 ℃
Днем-4.55 ℃
Вечером-7.54 ℃
Ночью-7.43 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.18 м/с
2026-02-15
Утром-3.16 ℃
Днем-1.14 ℃
Вечером1 ℃
Ночью1.15 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.82 м/с