Қазақстанда ет қымбаттады

Қазақстанда ет пен құс еті тамыз айында кейінгі 14 жылдағы ең жоғары қарқынмен қымбаттады.  

Ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, шілдемен салыстырғанда бұл санаттағы өнімдер 3,2% өскен. Мұндай серпін 2011 жылдан бері алғаш рет байқалып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бағаның жоғары өсімі сиыр етіне тиесілі. Сүйекті ет бір айда 3,7%, сүйексіз – 3,6% қымбаттады. Жая бағасы да 3,5% өсті. Қой еті да артта қалған жоқ: сүйекті ет 3,3% қымбаттады.

Статистикаға қарағанда, жылдық мәнде сиыр еті шамамен 25% көтерілген: сүйекті ет – 23,2%, сүйексіз – 24,8%. Қой еті де осы деңгейде – 23,3%.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның өсуін, ең алдымен, экспорттың күрт артуымен және тарифтердің көтерілуімен байланыстырып отыр. Сала мамандары бұған қосымша жүйелі проблемаларды – кадр тапшылығы мен өндірістегі құрылымдық мәселелерді алға тартады.

Қой етінің қымбаттауына қатысты ресми түсініктемелер аз болғанымен, экспорт факторы мұнда да шешуші рөл ойнаған. Биылғы алғашқы жартыжылдықта қой еті экспорты 2,6 есе өскен.

Бұған дейін Қазақстанда өндірілген сиыр етінің өзіндік құны мен дүкендердегі бағасы арасында айтарлықтай айырмашылық барын жазған едік. Ал сиыр етіне бағаның өсуі жыл басынан бері 20%-дан асты.

Жалпы, былтыр елдегі 400 мың тонна еттің 22 мың тоннасы ғана экспортталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.83 ℃
Днем20.73 ℃
Вечером17.24 ℃
Ночью12.99 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.88 м/с
2026-10-13
Утром9.82 ℃
Днем20.54 ℃
Вечером17.28 ℃
Ночью14.79 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.4 м/с