БҚО-да ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды
Оның мемлекетке 56 миллион теңгеден астам көлемде залал келтіргені дәлелденді.

Сырым ауданы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы жол құрылысы кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды,- деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Тергеу барысында бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барғаны және соның салдарынан мемлекетке 56 миллион теңгеден астам көлемде залал келтіргені дәлелденді.
Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.
