Курьер, сатушы, тәрбиешінің көмекшісі: жазғы каникул кезінде қанша оқушы жұмыс істеді

2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасы платформасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға арналған «Менің жазғы каникулым» атты арнайы бөлім құрылды. Демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы барлығы 5,4 мың қазақстандық жұмысқа орналасты.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасы платформасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға арналған «Менің жазғы каникулым» атты арнайы бөлім құрылды.

«Демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы барлығы 5,4 мың қазақстандық жұмысқа орналасты. Жалпы жаз айларында 16-18 жас аралығындағы жастар 13,6 мың түйіндеме, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің ата-аналары 356 жеке кабинет ашып, оның ішінде 112 адам 129 түйіндеме жариялады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап ресми түрде жұмыс істеуге тек денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқуға кедергі жасамайтын, сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарға ғана рұқсат етіледі.

Осы талаптарға сай келетін шамамен 80 мамандық белгіленген, олардың қатарына тәрбиешінің көмекшісі, дүкен сатушысы, тазалаушы-жуушы, SMM-менеджер, курьер және басқа да қызметтер жатады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Менің жазғы каникулым» бөлімінде 305 жұмыс берушіден осындай 2,1 мың бос жұмыс орыны жарияланған.

«Бұл бос жұмыс орындарын тікелей жұмыс берушілердің өздері ұсынады, сондықтан кейбір өңірлерде мұндай ұсыныстар болмауы мүмкін. Бұл функционал кәмелетке толмағандарды каникул кезеңінде жұмысқа орналастыру үшін алдағы уақытта да қолжетімді болады. Ол үшін жұмыс беруші бос жұмыс орнын жариялаған кезде тиісті белгіні қоюы қажет», — дейді министрлік өкілдері.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-15
Утром11.07 ℃
Днем18.01 ℃
Вечером18.61 ℃
Ночью17.71 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.67 м/с
2026-08-16
Утром15.87 ℃
Днем21.67 ℃
Вечером23.14 ℃
Ночью16.24 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.49 м/с