БҚО-да мопед жүргізушілері жиі ереже бұзады: бес жылда 84 оқиға тіркелген

Батыс Қазақстан облысы бойынша 929 мопед тіркелген. Биыл мопедтерді тіркеуден өтуге міндеттейтін заң қабылдағаннан кейін ереже бұзған 178 мопед жүргізушісі анықталып, 300 әкімшілік хаттама толтырылған.

Фото: 24.kz

БҚО-да мопед және самокат иелерінің жол жүру ережесін бұзуы салдарынан бес жылда 84 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы уақыт ішінде бес адам қаза тауып, 95 адам жарақат алған. Бұл туралы БҚО полиция департаменті Sarapshy.info порталына хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 929 мопед тіркелген. Биыл мопедтерді тіркеуден өтуге міндеттейтін заң қабылдағаннан кейін ереже бұзған 178 мопед жүргізушісі анықталып, 300 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде  кәмелетке толмаған 36 баланың ата-анасына қатысты тиісті шара қабылданды. Сонымен қатар биыл облыста 168 мопед айып тұрағына қойылды.

Өңірде мопед және самокаттың қатысуымен соңғы бес жыл ішінде жол апаты көбейіп отыр.

2020 жылы алты жол апаты болып, бес адам дене жарақатын алса, 2021 жылы үш апат болып, бір адам қаза болған. Ал бес адам түрлі дене жарақатын алған. 2022 жылы сегіз жол апаты тіркелді. Бір адам көз жұмып, тоғыз адам жарақаттанған. 2023 жылы 15 жол апаты болып, оның ішінде екі адам қаза тапса, 16 адам жараланған. 2024 жылы апат 21-ге көбейген. Бір адам қайтыс болып, 26 адам медициналық көмекке жүгінді.

Биылғы жылдың жеті айында 31 оқиға тіркеліп, 34 адам жарақат алды. Оның ішінде жүргізушілердің кінәсінен алты оқиға тіркеліп, жеті адам жарақаттанған.

Қазақстанда қазірге дейін тиісті заңға сәйкес тіркелген мопедтер саны 48 мыңнан асты.

2024 жылы Қазақстанда мопед жүргізушілерінің (оның ішінде велосипед, скутер бар) кесірінен – 1 260, самокат жүргізушілерінің кінәсінен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұдан барлығы 1 748 адам зардап шекті. Оның ішінде 654-і – кәмелетке толмаған балалар. 1 636 адам жарақат алды, оның 631-і – бала. Аталған оқиғалар салдарынан 112 адам, оның ішінде 23 бала қаза тапты.

Еске салайық, биыл Қазақстанда барлық мопед жүргізушісі мемлекеттік тіркеуден өтуге міндеттелді. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедті басқаруға тиым салынды.

Жыл басталғалы облыс аумағында жалпы 762 жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 48 адам көз жұмып, 1 178 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ал балалардың қатысуымен 233 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде сегіз бала қаза тауып, 282 бала әртүрлі дәрежеде жарақаттанған.

sarapshy.info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-14
Утром-6.91 ℃
Днем-4.55 ℃
Вечером-7.54 ℃
Ночью-7.43 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.18 м/с
2026-02-15
Утром-3.16 ℃
Днем-1.14 ℃
Вечером1 ℃
Ночью1.15 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.82 м/с