Енді елімізде бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдалана алмайды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұтынуға арналған тіршілік нәрінің тәуліктік нормасын бекітті. Енді бір тәулікте бір адам 140 литрден артық су пайдалана алмайды. Егер нормадан асып кетсе, баға 30%-ға қымбаттайды.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Министрлік бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелгенін жеткізді. Сондықтан топтық және жергілікті жүйелердегі тарифті мемлекет субсидиялап келген. Бұл бюджетке салмақ түсірген.

«Суды бірінші кезекте үнемдеу мақсатында осындай шаралар қабылдануда. Ал негізі біздің ойымызша қазіргі таңда 140 литр күнделікті бір адам басына шаққанда ол толығымен жетеді», – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың орташа тәуліктік шығыны 100-120 литр шамасында. Демек, жаңа норма көпшіліктің қалтасын қаға қоймайды.

«Тарифтерді өзгерту көпшілік халықтың қалтасын қақпайды. Бірақ оны үнемдеуге ынталандырады. Ал енді кейбір суды байқаусыз көбірек қолданатын адамдарды бұл бір жолға салады. 13-қыркүйектен бастап әр литр су есепке алынады. Осылайша, Үкімет халықты ысырапшылдықтан арылтып, тіршілік нәрін үнемдеуге шақырмақ. Ал ескертуді елемегендер артық пайдаланған суы үшін қосымша қаражат төлеуге міндеттеледі», – дейді қаржыгер Сапарбай Жобаев.

365info

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-15
Утром13.07 ℃
Днем18.49 ℃
Вечером18.71 ℃
Ночью16.45 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.6 м/с
2026-08-16
Утром14.7 ℃
Днем21.09 ℃
Вечером22.81 ℃
Ночью15.55 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.37 м/с