ҚМА қазақстандықтарға жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларға қатысты үндеу жасады

ҚМА мәліметінше, жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды заңсыз тағайындау деректері бойынша 10 іс тергеліп, олардың заңсыз схемаларды ұйымдастырған 15 адам жауапқа тартылған.

Ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі жүктілік және босану бойынша жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмек түріндегі әлеуметтік төлемдердің заңсыз тағайындалу фактілерін анықтады.

ҚМА мәліметінше, жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды заңсыз тағайындау деректері бойынша 10 іс тергеліп, олардың заңсыз схемаларды ұйымдастырған 15 адам жауапқа тартылған.

Жалған жұмыспен қамту арқылы 385 жүкті әйелге шындыққа сай келмейтін мәліметтер негізінде жәрдемақы тағайындалып, бұл мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келтірді.

«Мысалы, Ақтөбе облысында Үмірбекова мен Баймұрзаева 70 жүкті әйелді 29 жеке кәсіпкерлікке жалған түрде жұмысқа орналастырып, 487 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Шымкент қаласында Дүйсенова осыған ұқсас қылмыс жасап, мемлекетке 98 млн теңге залал келтіргені үшін 5 жылға сотталды», — делінген ресми хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, барлық істерде қылмыстың жасалу тәсілі бірдей болған.

«Қаскүнемдер жүкті әйелдерді арнайы құрылған жеке кәсіпкерліктерге жалған жұмысқа орналастырып, өткен күнмен ең жоғары әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын рәсімдеген. Осылайша, олар көтеріңкі төлемдер алуға негіз жасаған. Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша да 15 жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 3 сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады агенттік өкілдері.

Айта кетерлігі, ұрлау схемасы бас бухгалтердің сенімді тұлғаларды әлеуметтік көмек алушылар тізіміне енгізуінен тұрған. Бұл адамдар әлеуметтік осал топқа жатпаған. Осы деректер негізінде төлем тапсырмалары рәсімделіп, басшылықпен бекітілгеннен кейін қаражат жалған тұлғалардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыбайластар арасында бөлінген.

«2023 жылдан бастап құжаттарды рәсімдеу мен әлеуметтік осал топ мәртебесін eGov порталы арқылы алу процесінің цифрландырылуының арқасында мұндай алаяқтықтарға жол берілмейтін болды. Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды, сондай-ақ қылмыстардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында Агенттік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті ұсыныстар жолдады. Атап айтқанда, қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізілді: жәрдемақыларды тағайындау кезінде енді «өткен» күнмен төленген зейнетақы жарналары ескерілмейді», — делінген хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-17
Утром13.1 ℃
Днем16.53 ℃
Вечером17.27 ℃
Ночью14.1 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра3.94 м/с
2026-09-18
Утром13.83 ℃
Днем18.5 ℃
Вечером18.6 ℃
Ночью13.8 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.06 м/с