Оралда жаңа емхана салу қажеттігі туындады

Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде № 6 емхана тұрғындарды қабылдау үшін жеткіліксіз болып отыр.

Ашық дереккөзден

Аталмыш емхана директоры Жұмабек Шайхиевтің мәлім еткеніндей, медициналық мекемеге бекітілген тұрғындар саны 80 мыңнан асып кеткен. 

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы салынған қос қабатты ғимарат күніне 250 адамды ғана қабылдауға есептелген.

— Шын мәнісінде емхана күніне шамамен мың адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда емхана тағы екі ғимаратты жалға алып отыр. Жалға алу ақысын өзіміз төлейміз. Бұл бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Қаржының тапшылығынан қызметкерлерімізге мерекеде сыйақы төлей алмаймыз. Сондықтан Зачаган кентінде жаңа емхана салу қажет. Оған қоса «Ақжайық» шағынауданындағы жаңа үйлерге қоныстанушылар көбейіп отыр. Сондықтан емделушілер саны да өсуде, — деді Ж.Шайхиев. 
БҚО құрылыс басқармасының басшысы Нұркен Молдашевтың нақтылауынша, жаңа емхананың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалған.

Ашық дереккөзден

— Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік өтінім берілді. Республикалық бюджеттен қолдау тапқаннан кейін 250 келушіге арналған емхананы «Ақжайық» шағынауданында салу көзделіп отыр. Құны — 4,8 млрд теңге. Жобада емхананы медициналық құрал-жабдықтармен қамту да қарастырылған, — деді Н.Молдашев.

Зачаган кентінің әкімі Аққали Әубекеров жаңа емхана қажеттігін жеткізді.

— № 6 қалалық емханаға Круглоозерный, Серебряков кенттерінің тұрғындары да қаралады. Сол себепті медициналық мекемеге жүгінушілер саны көбейіп, ғимараттың тарлығы ыңғайсыздық туғызып отыр, — деді А.Әубекеров.

Ашық дереккөзден

Зачаган кентінің тұрғыны Гүлжан Жұмағалиева емделушілер үшін барлығы бір ғимаратта болғаны ыңғайлы екенін айтады.

— Қазіргі кезде біздер № 6 емхананың өзінде емес, № 20 мектеп ауданында орналасқан № 5 отбасылық денсаулық орталығына барып қаралып жүрміз. Барған кезде дәрігерлер мен медбикелер ауысып жатады. Алдын ала жазылғанмен, кезекке тап боласың. Басқалай қолайсыздықтар да бар. Егер бәрі бір жерде ұйымдастырылып, қызметкерлер тұрақталса, тұрғындар үшін де жақсы болар еді, — деді Г.Жұмағалиева.

inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем0.06 ℃
Вечером0.2 ℃
Ночью0.23 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-2.54 ℃
Днем-5.51 ℃
Вечером-8.94 ℃
Ночью-12.43 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.95 м/с