БҚО-да экс-шенеунік сот шешімімен қызметтік тұрғын үйден шығарылды

Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұрынғы шенеунік пен оның отбасын қызметтік тұрғын үйден мәжбүрлеп шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

egemen.kz

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жауапкер 2020 жылы 20 наурызда Қаратөбе ауданы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 60 қаулысымен жауапкерге Қаратөбе ауылынан қызметтік үй келісімшарт жасалмай берілген. Мемлекеттік қызметші Қаратөбе ауданы әкімінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен қызметінен босатылған.

Сот отырысында жауапкер талап арызды толық мойындамады. Яғни өзінің асырауында мүмкіндігі шектеулі кәмелет жасына толмаған баласы бар екенін, Қазақстан Республикасы аумағында басқа тұрғын үйі жоқ екенін ескеріп, соттан талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында көзделгеніндей, еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлер өзiмен бiрге тұратын  адамдармен қоса басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылады.

Қаратөбе аудандық сотының шешімімен жауапкер мен оның отбасы мүшелерін қызметтік тұрғын үйден мәжбүрлеп шығарып жіберу туралы талап арыз толығымен қанағаттандырылды. Сонымен қатар Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне келісім-шарт жасамастан тұрғын үйді жалға бергені үшін жеке ұйғарым шығарылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ, — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-09
Утром-23.21 ℃
Днем-20.63 ℃
Вечером-19.01 ℃
Ночью-23.67 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.43 м/с
2026-03-10
Утром-28.24 ℃
Днем-16.08 ℃
Вечером-11.19 ℃
Ночью-8.15 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.45 м/с