Экономист Ресей Қазақстан нарығын қай жағдайда «жұтып қоятынын» түсіндірді

Егер Ресейде шынайы девальвация болса, қазақстандық өндірушілер ресейлік тауарлармен бәсекеге қабілетін лезде жоғалтады. Бұл азық-түлікке де, өнеркәсіптік тауарларға да қатысты. 

Ulysmedia.kz коллажы

Рубльдің күрт әлсіреуі Қазақстанға да «соққы» береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Экономист Магбат Спановтың пікірінше, рубльдің жағдайы Ресейдің ішкі мәселесі емес, деп жазады Digital Business. Қазір валюта мөлшерлеменің төмендеуі, түсімнің міндетті сатылымының тоқтатылуы және салықтық кезеңнің аяқталуы аясында әлсіреп отыр. Бұл үрдіс сақталып, Ресейде девальвация болса, ол Қазақстанға да тікелей әсер етеді деп есептейді сарапшы.

— Егер Ресейде шынайы девальвация болса, қазақстандық өндірушілер ресейлік тауарлармен бәсекеге қабілетін лезде жоғалтады. Бұл азық-түлікке де, өнеркәсіптік тауарларға да қатысты. Қарапайым тілмен айтқанда: ресейлік рубль біздің нарықты «жұтып» жібере бастайды. Шын мәнінде, қазірдің өзінде Қазақстанда рубль соншалықты сұранысқа ие емес (әзірге). Естеріңізде болса, екі жыл бұрын 1 к 5 деген қатынас сақталатын. Ал қазір ол жоқ. Жақында ғана, мысалы, теңге девальвацияға ұшырағанда, ресейліктер Қазақстанға жаппай келіп, тауар сатып алған еді. Егер керісінше — Ресейде девальвация болса — бұл жолы қазақстандықтар (паритет қалпына келгенге дейін) көршілеріне ағылып, тауар алатын болады. Мұндай жағдай әбден мүмкін, – дейді экономист.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін ресейлік трейдер Степан Демура рубльдің мықты болып қалуына ешқандай фундаменталды себеп жоқ екенін мәлімдеген. Ол рубльдің долларға шаққандағы бағамы 250-ге дейін құлдырайды деп болжап отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-13
Утром17.82 ℃
Днем23.12 ℃
Вечером25.32 ℃
Ночью19.63 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.84 м/с
2026-08-14
Утром13.15 ℃
Днем21.4 ℃
Вечером19.06 ℃
Ночью14.83 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.88 м/с