Ресей Украинадан 6 мың шаршы шақырым жерді талап етуде – Вэнс

АҚШ вице-президенті Джеймс Вэнстің айтуынша, Ресей Украинаға жаңа аумақтық талаптар қойып отыр. Оның сөзінше, Мәскеу Киевтің бақылауындағы шамамен 6 мың шаршы шақырым жерге дәмелі.

Сурет: tverezo.info

Вэнс бұл туралы One America News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ресейліктер шамамен 6 мың шаршы шақырым аумақты алғысы келеді, олар бұл жерді әлі әскери жолмен басып алған жоқ. Бірақ дәл осыны талап етіп отыр», – деді АҚШ вице-президенті.

Сонымен қатар ол президент Дональд Трамп егер Украинадағы қақтығыс шешілсе, Ресеймен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.

«Ресей сізге ұнай ма, жоқ па, олардың дәлелдерімен келісесіз бе, жоқ па – маңызды емес. Нақты факт бар: оларда көп мұнай, көп газ, мол минералды ресурстар бар», – деді Вэнс.

Мәскеудің басқа шарттары

Бұған дейін Кремль Украинанаға талаптарын қойған еді:

  • 2022 жылы аннексияланған аумақтардан әскерін шығару;
  • НАТО-ға мүше болудан бас тарту;
  • Қырымды Ресейдің аумағы ретінде мойындау.

Ресей бұл шарттар қабылданбаса, әскери әрекеттерді жалғастыратынын мәлімдеген.

zhasalash.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.38 ℃
Днем27.7 ℃
Вечером27.01 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.07 м/с
2026-07-13
Утром19.07 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером22.76 ℃
Ночью21.79 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.6 м/с