БҚО-да ЖБО камераларының көмегімен 74 қылмыс ашылған

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі – жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтарды анықтау. Биылғы жылы осы жүйенің көмегімен 74 қылмыс әшкереленіп, 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында 34 мыңнан астам тұрғын үй, 439 жалға алынған пәтер, 3 805 саяжай үйі, сондай-ақ 826 шаруа қожалығы мен қыстақ тексерілді.

Сонымен қатар ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жалпы саны 1 318 адам бақылаудан өтті. Рейдтер кезінде 2 заңсыз сақталған қару тәркіленіп, 3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Кәмелетке толмаған 16 жасөспірімнің ересектердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде жүргені белгілі болды. Тұрақты мекенжайы жоқ 8 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен 164 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-14
Утром-6.91 ℃
Днем-4.55 ℃
Вечером-7.54 ℃
Ночью-7.43 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.18 м/с
2026-02-15
Утром-3.16 ℃
Днем-1.14 ℃
Вечером1 ℃
Ночью1.15 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.82 м/с