“Сырты бүтін, іші түтін»: Оралда орналасқан жатақхананың жағдайы жұртты шошытты

Қаланың қақ ортасында орналасқан. Сырты сырланған, қарасаң жап-жақсы сияқты. Бірақ іші… Бұл енді шектен шығу. Мұндай жағдайда қалай өмір сүруге болады?

Фото: Желі кадрларынан скрин

Оралда қала ортасында орналасқан жатақхана желіде жұртты шошытты. Кадрларда ескірген лас подьезд бен оның ішінде жатқан үй-күйсіз адам көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушысы сырты бүтін әрі таза көрінетін бірақ ішкі бөлігі санитарлық талаптарға сай емес ғимаратты көрсетті.

“Бұл үнділердің лашығынан да бетер. Гаухар жатақханасы. 2025 жыл. Иістен құсып жібере жаздадым. Қаланың қақ ортасында орналасқан. Сырты сырланған, қарасаң жап-жақсы сияқты. Бірақ іші… Бұл енді шектен шығу. Мұндай жағдайда қалай өмір сүруге болады?”, – деді автор. 

“Масқара-ай, ал сыртына қарасаң бәрі дұрыс сияқты. Осы сурет еліміздің жағдайын суреттеп тұрғандай”, “Оралда бұл таңқаларлық жайт емес. Өйткені Қазақстанда тек екі-ақ қала бар: Астана мен Алматы. Ал қалғандары жай барынша өмір сүріп жатыр”, “Есесіне Алматыда түрлі мұражайды мақтанып ашып жатыр. Шенеуніктер тәтті өмір сүрсе болды ғой”, “Сырты бүтін, іші түтін деген осы ма”, – деп жазды жұртшылық. 

Сырты жақсы іші лас ғимарат жұртты шошыттыФото: Желі кадрларынан скрин

Пікірлер арасында сол ғимаратта тұратын да адамның жазбасы табылды. 

“Бірінші суретте көрсетілген – Абай 89/1 мекенжайындағы жатақхана. Мынау 6-қабат. Ал ақ торлы терезелер мен терезе алдына қойылған гүлдері бар жақ менің пәтерім.

Бұл үйдің жағдайы жаман емес. Кіреберісімізде темір есік пен домофон орнатылған. Бірақ домофон қоңырау шалса, өзім түсіп ашуға тура келеді. Автоматты жүйе емес.

Кім көрінген кіріп жүрмейді. Кейбір қабаттарда кіреберіске темір есік қойып қойған. Кодпен не кілтпен ашылады. Біздің 6-қабатта ағаш есік қойылған. Подъезде 6 пәтер бар. Бәрі де жақсы, тәртіпті адамдар. Барлығында жаңа есіктер қойылған, жағдайлары жаман емес”, – деп жазды ол. 

Сырты жақсы іші лас ғимарат жұртты шошыттыФото: Желі кадрларынан скрин

Stan.kz тілшісі ғимарат туралы Орал қаласының әкімдігінен пікір сұрап көрді. 

“Бүгінгі күні Абай даңғылы, 89/1 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қасбетін бояу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілген. Аталған үй Бөлімнің балансына тіркелмеген.

Threads әлеуметтік желісінде осы үйдің ішкі жағдайын көрсететін суреттер жарияланды. Осыған байланысты бөлім мынадай түсініктеме береді: «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне: қасбет, кіреберіс, дәліз, баспалдақ, лифт, шатыр, жертөле, пошта жәшіктері, инженерлік жүйелер, аула кіреді. Сондықтан кіреберіс, дәліз, баспалдақ, жертөле сияқты бөліктер ортақ мүлік болып есептеледі және оларды тазалау, жөндеу, күтіп ұстау сол үйдің тұрғындарының жауапкершілігі”, – деді Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Ведомство бұл мәселені тұрғындардың бір жақты етуі керек екенін ескертті. 

“Осыған байланысты, бұл мәселені шешу үшін пәтер иелерінің жиналысын өткізіп, хаттама рәсімдеп, кіреберісті жөндеуге мақсатты қаражат жинау қажеттілігі туралы шешім қабылдау керек”, – деп қосты ведомство. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-18
Утром14.71 ℃
Днем17.1 ℃
Вечером16.57 ℃
Ночью16.27 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра6.45 м/с
2026-07-19
Утром16.2 ℃
Днем19.81 ℃
Вечером23.07 ℃
Ночью18.09 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.64 м/с