Сауда министрлігі ет бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салды

Ет өнімдері нарығында белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды. Әлеуметтік маңызы бар сиыр етіне үстеме бағаны асырғаны үшін 45 қаулы рәсімделді, оның 33-і – айыппұл. 

egemen.kz

Сауда және интеграция министрлігі ет бағасын өсіргені үшін кәсіпкерлерге айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елдегі бағаларды тұрақтандыру бойынша қосымша шараларды жарияланғанын мәлімдеді. 

Министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуде. Арман Шаққалиевтің төрағалығымен еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам сауда желілерінің өкілдері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті. Министр Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% мөлшеріндегі сауда үстемесін сақтау қажеттігін еске салып, бұзушылық орын алған жағдайда қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Жыл басынан бері министрліктің аумақтық департаменттері 2562 әкімшілік қаулы қабылдады, оның ішінде 1360-ы – 56,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынып, 1202-і – ескерту жасалған.

“Ет өнімдері нарығында белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылды. Әлеуметтік маңызы бар сиыр етіне үстеме бағаны асырғаны үшін 45 қаулы рәсімделді, оның 33-і – айыппұл. Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ет өнімдерін сауда орындарына жеткізу кезінде үстеме бағаның сақталуын бақылау үшін қосымша мониторингтік топтар құруда. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізуде жасырын қымбаттау схемаларын және ретро-бонустарды алып тастауға бағытталған заңнамалық өзгерістер дайындалып жатыр”, – деп мәлімдеді министрлік.

Аймақтық комиссиялардың жұмысы аясында жыл басынан бері 747 отырыс өткізіліп, 2301 бұзушылық фактісі анықталды, 1956 әкімшілік қаулы қабылданды, 345 өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Электронды шот-фактураларды талдау барысында 9015 мың тауарлық тізбектің ішінен 823 тәуекелді бұзушылық анықталды.

“Бұдан бөлек, Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен еліміздегі ірі сауда желілерінде «Береке Fest» акциясы басталатынын хабарлаймыз. Акция аясында жаңа өнімдер, әсіресе халықтың сұранысына ие жаңа піскен көкөністер, жемістер мен сиыр еті ұсынылады. Сауда желілері қазақстандық өндірушілер үшін арнайы орындар бөліп, өнімдерді нарықтан төмен бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл ішкі өндірісті қолдап қана қоймай, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағасының тұрақтануына ықпал етеді. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің саны көбейтіліп жатыр. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың сапалы отандық тауарларға тікелей қол жеткізуіне жағдай жасап, делдалдардың соңғы бағаға ықпалын төмендетеді”, – деп мәлімдеді министрлік.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-14
Утром-6.35 ℃
Днем-8.3 ℃
Вечером-9.82 ℃
Ночью-8.59 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 995
Скорость ветра12.27 м/с
2025-12-15
Утром-8.91 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-8.61 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.32 м/с