Қазақстанда жанармай бағасы одан әрі қымбаттайды – сарапшы

Қазақстанда биыл ақпанда жанар-жағармай бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталғаннан кейін, бензин 14%-ға, дизель отыны 10%-ға қымбаттаған еді.

Ашық дереккөзден

Қазақстандағы жанар-жағармай нарығында бағаның өсуі жалғасады. Мұндай болжамды мұнай-газ саласының маманы, компанияның бас директоры Расул Абдухалилов жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Абдухалиловтың айтуынша, мемлекеттік реттеуден бас тарту – нарықтық реформаларға жасалған маңызды қадам. Оның сөзінше, Қазақстанда жанар-жағармай бағасын реттеу тәжірибесі 2000 жылдардан басталған. Сол кезде мемлекет бағаны ұстап тұру үшін жеткізілім көлемі мен шекті бағаларды белгілеген. Алайда мұндай әдіс уақыт өте келе нарықтағы тепе-теңдікті бұзып, тапшылық туғызған.

БОЛЖАМ

Сарапшының болжамынша, бензин мен дизель бағасы 2026 жылдың соңына дейін өсіп, Ресей нарығындағы деңгейге жақындайды. Ол сондай-ақ мұндай реформалар бүкіл өңірге әсер ететінін, әсіресе жанармай нарығы әлі де қатаң реттелетін Әзербайжан үшін қызықты болуы мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда биыл ақпанда жанар-жағармай бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталғаннан кейін, бензин 14%-ға, дизель отыны 10%-ға қымбаттаған еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром17.12 ℃
Днем31.56 ℃
Вечером30.99 ℃
Ночью22.09 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.85 м/с
2026-08-19
Утром16.86 ℃
Днем32.02 ℃
Вечером33.07 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.99 м/с