Алғашқы аяздың суығымен: Орал мен БҚО ауа райы болжамы
Батыс Қазақстан облысының аумағы арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжып келе жатқан суық атмосфералық майданның әсерінен алдағы төрт күнде күзгі салқын болады. Ауа температурасы күндізгі +12°… + 14° C алғашқы түнгі аязға -1°С дейін төмендейді. Күн шуақты, жауын-шашынсыз.

Бүгін дүйсенбі, 29 қыркүйек, күндіз + 8°С…12°С, түнде + 6°С. Шамалы бұлтты. Солтүстік жел, 3-4 м/сек.
Сейсенбі, 30 қыркүйек, күндіз + 7°C… +14°C, түнде -1°C. ашық. Солтүстік-шығыс жел, 4-3 м /сек.
Сәрсенбі, 1 қазан, күндіз 8°C…+16°C, түнде +3°C. ашық. Солтүстік-батыс жел, 3-2м\сек.
Бейсенбі, 2 қазан, күндіз + 7°C… +17°C, түнде +3°C. ашық. Солтүстік-шығыс жел, 2-3 м\сек.
