Қазақстан азаматтары жұмыс істеуге көбіне қай елдерге барады

2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,7 мың адамды құрады. Елге 11,3 мың адам келсе, 3,5 мың адам елден кеткен.

Ашық дереккөзден

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс істеу мақсатында қанша ел азаматтары шетелге кеткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шоновтың хабарлауынша, соңғы екі жылда Қазақстанда көші-қон сальдосы оң көрсеткішті көрсетіп отыр.

«2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,7 мың адамды құрады. Елге 11,3 мың адам келсе, 3,5 мың адам елден кеткен. Көші-қон өсімі негізінен елдер бөлінісінде ТМД елдері мен Қытайға тиесілі. Сонымен қатар, жаһандану үдерісінің әсерінен білікті кадрлардың кетуі үрдісі әлі де сақталуда. Қазақстан азаматтарының кетуінің негізгі бағыттары: Ресей – 8,7 мың адам, Германия – 2 мың адам», – деді ол.

Комитет төрағасы сыртқы көші-қон ағындарының оң серпінге ие екенін атап өтті.

«2023 жылдан бастап шетелге жұмыс істеу мақсатында кететін Қазақстан азаматтарының санының төмендегені байқалады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша шетелде еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары – 126 531 адамды құрады. Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Ресей Федерациясында – 102 460 адам, Корея Республикасында – 15 790 адам, БАӘ – 2 997 адам, Ұлыбританияда – 1 912 адам еңбек етуде», – деді Әсет Шонов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.99 ℃
Ночью8.28 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с