БҚО-да 15-26 қыркүйек аралығында 4 730 құқық бұзушылық тіркелген
Батыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы жол ережесін бұзушылықтың азаймай отырғанын көрсетті.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өңірде 15-26 қыркүйек аралығында 4 730 құқық бұзушылық тіркелді.
Соның ішінде 40 адам көлікті мас күйінде айдағаны үшін жүргізуші құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Сондай-ақ 125 жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы 2-бөлігі, тағы 33-і 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды.

Жол қозғалысы ережесін бұзған 917 жаяу жүргінші де 615-бапқа сәйкес жазасыз қалмады. 51 жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдаған. Барлығы 362 автокөлік айып тұрағына қойылды.
