БҚО-да ірі интернет-алаяқтық әшкереленді

Күдікті түскен қаражатты Bybit және Binance онлайн-платформалары арқылы криптовалютаға айналдырып, алаяқтарға жіберіп, осы қызметі үшін сыйақы алып отырған.

БҚО-да ірі интернет-алаяқтық әшкереленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криптовалютаға инвестиция жасау арқылы интернет-алаяқтықтың ауқымды сызбасын ұйымдастырды деген күдікпен 27 жастағы БҚО тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің криптовалюта сатып алу-сату сылтауымен облыстың 20-дан астам тұрғынын алаяқтыққа «дроппер» ретінде тартқаны анықталды. Ұрланған ақша дропперлердің банк шоттары арқылы аударылған.

Күдікті түскен қаражатты Bybit және Binance онлайн-платформалары арқылы криптовалютаға айналдырып, алаяқтарға жіберіп, осы қызметі үшін сыйақы алып отырған. Күдікті Астана қаласы аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Орал қаласында қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталуға жақын.

Осы ретте полиция азаматтарды барынша мұқият болуға шақырады. Жеке деректеріңізді және банк реквизиттеріңізді бөгде адамдарға бермеуіңізді сұрайды, себебі сіз қылмыстық іс-әрекетке қатысты адамға айналуыңыз мүмкін.

Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады.

Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады. Аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуды және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды көздейді.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.73 ℃
Ночью7.21 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с