БҚО-да шенеуніктер «Кәрілер күніне» тендер жариялаған

Ресми құжатта «Кәрілер күні» деген тіркестің жазылуы көпшілікке орынсыз көрінді. Әсіресе, бұл халықаралық мереке екенін және оған миллионға жуық қаржы бөлінгенін ескерсек, мұндай атаудың қолданылуы сын тудырды.

Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында Қарттар күніне 1,1 млн теңгелік тендер жарияланған. Алайда құжаттарда мереке «Қарттар күні» емес, «Кәрілер күні» деп көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

1 қазан – Қарттар күніне орай Қаратөбе ауданында мерекелік шара өткізу үшін мемлекеттік сатып алу порталында 1,1 млн теңгелік лот жарияланған. Алайда құжатта мереке атауы ресми түрде «кәрілер күні» деп жазылған.

БҚО-да шенеуніктер

Лоттың тапсырыс берушісі – Қаратөбе аудандық мәдениет бөліміне қарасты Ғарифолла Құрманғалиев атындағы аудандық демалыс орталығы. Ұйымдастырушы ретінде орталықтың уақытша директоры Таңат Жексенбаев көрсетілген.

Ресми құжатта «Кәрілер күні» деген тіркестің жазылуы көпшілікке орынсыз көрінді. Әсіресе, бұл халықаралық мереке екенін және оған миллионға жуық қаржы бөлінгенін ескерсек, мұндай атаудың қолданылуы сын тудырды.

goszakup сайтынан скрин

Жоспар бойынша, 1 185 000 теңге ауылды мерекеге безендіруге, ас-суға, шақыртуларға және сыйлықтарға жұмсалмақ. Оның ішінде 750 мың теңге – арнайы сыйлықтарға бөлінген.

Мерекені ұйымдастыру құқығы «Береке» ЖК-не берілді. Барлығы жеті компания қатысып, бағалық ұсыныстарын жіберген. Ал екінші орын «Dalila Group» компаниясында екені көрсетіліпті. 

БҚО-да шенеуніктер

goszakup сайтынан скрин

Айта кетейік, Қарттар күні – 1991 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын 1 қазанда атап өтілетін халықаралық мереке. Бұл күн – үлкендердің еңбегін, тәжірибесін және қоғамға қосқан үлесін құрметтеуге арналған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером7.66 ℃
Ночью2.99 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с