«Ресейге қарсы жеңіс»: Молдовадағы тарихи сайлауда билік партиясы алда келеді

Молдова Ресейді жеңді дейді саясаткер.

Сурет: azh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 қыркүйекте өткен парламент сайлауы елдің болашағын айқындайтын басты саяси додаға айналды. Дауыстардың алдын ала қорытындысына сәйкес, елді Еуроодаққа жетелеуді мақсат тұтқан биліктегі «Әрекет және ынтымақ» (PAS) партиясы 50,06% жинап, бірінші орынға шықты.

Бұл сайлауды сарапшылар Молдованың қазіргі тарихындағы ең маңызды саяси оқиға деп бағалауда. Себебі жаңа парламент елдің ЕО-ға қосылу жөніндегі бағытын жалғастыра ма, әлде одан бас тарта ма – соны шешеді.

Болжамнан тыс нәтижелердің бірі – парламентке төрт емес, бес партияның өтуі.

Екінші орын – Ресейге жақын «Патриоттық блокқа» (социалистер, коммунистер және «Молдова болашағы»), ол 24,25% жинады.

Үшінші орын – 7,98%-бен «Альтернатива» блогы.

Тағы екі партия өтіп кетті: Ренато Усатыйдың «Біздің партиясы» (6,2%) және TikTok-тағы роликтерімен танылған Василий Костюктың «Үйдегі демократиясы» (5,6%).

Алғашқы нәтижелер ауылдық жерлерден келіп, оппозициялық блок алда тұрғандай көрінген. Бірақ қаладағы дауыстар есептелген соң PAS қайта көш бастады.

«Молдова Ресейді жеңді», – дейді кишиневтік саясаттанушы Виталий Андриевский.

Фото: depositphotos.com

Президент Майя Сандуның партиясы шамамен 53 орынға иелік етуі мүмкін. Бұл – оларға коалициясыз үкімет құрып, заң қабылдауға жеткілікті мандат.

Социалистердің жетекшісі Игорь Додон өз жақтастарын парламент алдына наразылыққа шақырды. Дегенмен түнгі сағат 11 шамасында орталық сайлау комиссиясына жиналған ондаған жас көп ұзамай тарап кетті.

Саясаттанушы Виктор Чобану:

«Молдова тағы да геосаяси таңдауға тіреліп отыр. Ел бір жағынан – Еуропаға ұмтылу, екінші жағынан – Ресеймен байланыс арасында қалып отыр» дейді.

Бұл жолғы сайлауда экзит-пол жүргізілмеді. Орталық сайлау комитеті ұйымдастырушы компанияның қаржылануына күмән келтірді.

Ресей өз бақылаушыларын тіркетпегені үшін наразылық нотасын жолдады.

Ел ішінде 2,77 млн бюллетень, шетелде 860 мың бюллетень дайындалды. Жалпы 1,6 млн адам (52%) дауыс беруге қатысты.

smartnews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с