Таксистер мен курьерлерге жаңа салық салынады

Ведомствоның мәліметінше, бұл жүйе салық төлеушілерді есеп-қисап жүргізуден, чек беруден және есеп тапсырудан босатады. Барлық процесс автоматтандырылмақ.

gov.kz

Қазақстанда 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі күшіне енеді. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жаңа тәртіптің мәні

Жаңа ережеге сәйкес, интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық пен әлеуметтік төлемдерді енді осы платформалардың өздері аударады. Демек, Яндекс Go, Glovo секілді сервистер орындаушылардың табысынан 4% ұстап қалып, бюджетке жіберіп отырады.

gov.kz

Қаржы министрлігінің түсіндіруі

Ведомствоның мәліметінше, бұл жүйе салық төлеушілерді есеп-қисап жүргізуден, чек беруден және есеп тапсырудан босатады. Барлық процесс автоматтандырылмақ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынбергеннің айтуынша, жаңа жүйе қазіргіге қарағанда әлдеқайда жеңілдетілген:

— Қолданыстағы кодексте олар жеке кәсіпкер ретінде 3% төлейді немесе жалдамалы жұмысшы болса 10%, оған қоса әлеуметтік жарналар, зейнетақы аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бар. Ал жаңа кодексте барлығы 4% ғана – әр бағытқа 1%-дан. Бұл ең төменгі мөлшерлеме және ашық жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деді ол.

Ulysmedia.kz коллажы

Шарттар

Жобаға сәйкес, 2026 жылдан бастап:

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табысының 4%-ын әлеуметтік төлемдерге аударады (1% – БЖЗҚ, 1% – Әлеуметтік сақтандыру қоры, 1% – әлеуметтік аударымдар, 1% – МӘМС);
  • жалдамалы жұмыс күшін пайдалана алмайды;
  • айлық табысы 300 АЕК-тен аспауы тиіс (2026 жылы шамамен 1,3 млн теңге);
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі керек.

Статистика

Еске салайық, 1 қыркүйекке қарай Қазақстанда ресми тіркелген таксист жеке кәсіпкерлердің саны 93,8 мыңнан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7 есе көп, ал 1 тамыздан бері өсім тағы 6,1% болған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.76 ℃
Ночью8.1 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с