Халықтың ақшасының жартысы қайда кетіп жатқаны мәлім болды
Халықтың сатып алу мүмкіндігі азайды. Көпшілігі тамаққа табысының жартысынан көбін жұмсайды. Бұл – өмір сапасының төмендегенін көрсетеді. Халық жинақ ақшасын азайтып, күнделікті шығынды жабу үшін несие алуға мәжбүр болып отыр.

Биылғы алғашқы жартысында отандастарымыздың табысы азайды. Бұған азық-түлік пен басқа да тауарлар бағасының қымбаттауы әсер етті. Ел экономикасы өсіп жатқанымен, жалақы мен зейнетақы халықтың нақты өміріне жеткілікті пайда әкелмей отыр, деп жазады Ozgeris.info.
Жалақы – адамдардың негізгі табыс көзі. Бірақ жалақы өсімі бәсеңдеді. Жұмыс істейтіндердің жартысынан көбі орташа жалақыдан аз алады. Денсаулық сақтау мен білім саласында істейтіндердің табысы тіпті төмендеп кеткен. Ал қаржы, мұнай және ІТ салаларында жалақы екі есе жоғары, бірақ ол жақта жұмыс істейтіндер аз ғана.
Halyk Finance сарапшысы Салтанат Игенбекова:
«Халықтың сатып алу мүмкіндігі азайды. Көпшілігі тамаққа табысының жартысынан көбін жұмсайды. Бұл – өмір сапасының төмендегенін көрсетеді. Халық жинақ ақшасын азайтып, күнделікті шығынды жабу үшін несие алуға мәжбүр болып отыр», дейді.
Зейнетақы да инфляциядан ұтылып жатыр. Биыл базалық зейнетақы көтерілгенімен, бағаның қымбаттауына байланысты зейнеткерлердің нақты табысы 2,8 пайызға азайды. Орташа зейнетақы – 143 мың теңге.
Шығынның негізгі бөлігі – азық-түлік. Әр отбасының шығынының 52 пайызы тамаққа кетеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 15 пайыздан аспайды. Қазақстанда керісінше, жыл сайын азық-түлікке кететін үлес артып келеді.
«Халық табысының төмендеуіне инфляция, тарифтердің көтерілуі және қарыздың көбеюі себеп. Бұл жағдайды түзету үшін мемлекет әлеуметтік қолдауды күшейтуі, жаңа жұмыс орындарын ашуы және табысты көтерудің нақты жолдарын табуы қажет», дейді Салтанат Игенбекова.
Қарапайым тілмен айтқанда, қазақстандықтардың қолындағы ақша азайып барады, ал шығын көбейіп жатыр. Бұл халықтың тұрмысын қиындатып, қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіріп отыр.
