Оралда көлік қаққан қыздардың жағдайы қалай
Кеше екі қызды Chevrolet Cobalt-пен соқтығысқан CHANGAN көлігі тротуардан қағып кетті.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы апаттан зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.
Олардың бірі — 16 жасар қыз, комада, жағдайы ауыр,15 жастағы екінші жәбірленушінің жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты, 29 жастағы жәбірленуші қалалық көпсалалы ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайды орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды,-деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.
Кеше екі қызды Chevrolet Cobalt-пен соқтығысқан CHANGAN көлігі тротуардан қағып кетті. Апат кеше 30 қыркүйекте сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы мен Досмұхамедов көшесінің қиылысында орын алды.

Осы кезде қыздар тротуарда бағдаршамның рұқсат етілген сигналын күтіп тұрды.
Апатқа кінәлі-Chevrolet Cobalt жүргізушісі ұсталып, ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
