Оралда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрондар қолданыла бастады

2025 жылдың қыркүйектен бастап Орал қаласының кіреберіс жолдарында дрондар көмегімен әуе мониторингі жүргізілуде.

Ашық дереккөзден

БҚО полиция департамнтінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауы аясында Батыс Қазақстан облысында «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы іске қосылды.

2025 жылдың қыркүйектен бастап Орал қаласының кіреберіс жолдарында дрондар көмегімен әуе мониторингі жүргізілуде. Жобаны облыс әкімінің тапсырмасымен БҚО Полиция департаменті, БҚО Цифрлық технологиялар басқармасы және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп жүзеге асыруда.
Дрондар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды жедел анықтауға, төтенше жағдайларды, тұрмыстық қалдықтардың және қоқыстардың жиналуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Мәселен, жыл басынан бері өңір жолдарында қарсы жолаққа шығумен байланысты кісі өлімімен аяқталған 12 жол көлік оқиғасы орын алып, 11 кісі қаза тапты. Жалпы жыл басынан облысымызда жол көлік оқиғаларынан 53 адам көз жұмды. Сондықтан, бұл технология жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және қайғылы оқиғалардың алдын алуға көп көмегін тигізеді.

Алдағы уақытта облыста заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалғасын табады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.65 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с