Қазақстанда енді несиесі бар отбасылар атаулы әлеуметтік көмектен қағылады

Жаңа ережеге сәйкес егер жан басына шаққандағы жиынтық қарыз сомасы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен асса, мұндай отбасы АӘК алу құқығынан айырылады.

Ашық дереккөзден

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау тәртібіне жаңа өзгерістер енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді несиесі бар отбасылардың жәрдемақы алу мүмкіндігі қарыз көлеміне қарай шектеледі. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа ережеге сәйкес егер жан басына шаққандағы жиынтық қарыз сомасы екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен асса, мұндай отбасы АӘК алу құқығынан айырылады.

Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдесе, бұл сома алдымен үшке, кейін төртке бөлінеді. Осылайша жан басына шаққандағы борыш шамамен 166 мың теңге болады. Бұл көрсеткіш ең төменгі күнкөріс деңгейінен әлдеқайда жоғары болғандықтан, отбасы жәрдемақы ала алмайды.

Сонымен қатар министрлік өкілі Шыңғыс Шәкiлдің айтуынша, отбасылар тұрғын үй мақсатындағы депозит ашып, ақша жинай алады, бұл табыс ретінде есептелмейді.

«Отбасына есептегенде 200 айлық есептік көрсеткіштен (786 400 теңге) асатын банктік салымдардың немесе депозиттердің болуы ескеріледі. Бірақ тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары табысқа қосылмайды. Бұл мәліметтер азаматтардың материалдық жағдайын әділ бағалауға мүмкіндік береді», – деді әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Шыңғыс Шәкiл.

Жаңа тәртіп әлеуметтік көмекті тек шынымен мұқтаж азаматтарға бағыттауды көздейді.

Еске салайық, Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатынын жаздық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 6 баладан аз отбасы мемлекеттік төлемнен қағылады деген ақпаратты жоққа шығарған еді. Министрліктің айтуынша, өзгерістер тек тұрмысы жақсы, табысы жоғары және бірнеше үйі мен көлігі бар көпбалалы отбасыларға қатысты болмақ. Ал көпбалалы ана мәртебесіне байланысты берілетін негізгі төлемдер бұрынғыдай сақталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.99 ℃
Ночью8.28 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с