Қазақстанда мұнай өндіруге түрік компаниясы келеді

Игерілетін кен орындарынан өндірілген мұнай Түркияға «Баку — Тбилиси — Джейхан» құбыры арқылы тасымалданбақ.

Ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның мемлекеттік мұнай-газ компаниясы Turkish Petroleum Corporation Қазақстандағы екі мұнай кен орнын игеру жөнінде келісімшартқа қол қоюға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Türkiye Today дерегінше, бұл туралы Turkish Petroleum Corporation бас директоры Ахмет Тюркоглу Астанада өткен Kazakhstan Energy Week форумында мәлімдеді. Ол Қазақстанның әлемдік мұнай-газ нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтіп, бұған дейін «ҚазМұнайГазбен» әріптестік туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. Оның айтуынша, Қазақстандағы жаңа жобалар компанияның шетелдік портфелін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Игерілетін кен орындарынан өндірілген мұнай Түркияға «Баку — Тбилиси — Джейхан» құбыры арқылы тасымалданбақ. Бұл Анкараға энергетикалық хаб ретіндегі орнын күшейтуге, ал Астанаға — Ресей аумағын айналып өтіп, шикізат экспортын арттыруға жол ашады. Қай кен орындары туралы сөз болып отырғаны әзірге жария етілмеді, бірақ болжам бойынша, Каспий теңізінің жағалауындағы учаскелер болуы мүмкін.

Қазақстан үшін мұнай экспортын БТД бағытымен ұлғайту ұзақмерзімді мүдделерге сай келеді: ол Каспий құбыр консорциумына тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Дегенмен, бұл бағыттағы жеткізу көлемі шектеулі — себебі Әзербайжан қазақстандық мұнайдың сапалық айырмашылықтарына байланысты квотаны көбейтуге дайын емес.

Айта кетейік, биыл тамызда Теңіз бен Қашаған кен орындарынан БТД арқылы тасымал уақытша тоқтаған еді. Бұған резервуарлардың хлоридтермен ластануы себеп болған. Экспорт қыркүйектің ортасында ғана қайта жанданды.

smartnews.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.76 ℃
Ночью8.1 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с