БҚО тұрғыны санавиациямен шұғыл түрде тасымалданды
БҚО Қаратөбе ауданының аудандық ауруханасында ауыр жағдайда болған 1975 ж.т. тұрғын шұғыл түрде эвакуацияланды.

ТЖМ тікұшағы шұғыл эвакуациялауды орындады.
Кеше ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы БҚО Қаратөбе ауданының аудандық ауруханасында ауыр жағдайда болған 1975 ж.т. тұрғынын шұғыл түрде эвакуациялады.
Санавиация желісімен ер адам медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілді.
Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысы тасымалдау уақытын айтарлықтай қысқартуға және емдеудің оң нәтиже беру мүмкіндігін арттыруға жағдай жасады.
