9 банк жабылайын деп жатыр. Ақшамыздың жайы не болмақ?

Қазіргі таңда 148 мың салымшы өтемақы алып, 113 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған.

Ашық дереккөзден

Елімізде қазіргі уақытта тоғыз банк таратылу кезеңінде тұр. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) «дәлелді себептер» бойынша өтемақы төлеуге өтінім қабылдауды жалғастырып жатыр, деп жазады ozgeris.info.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қор 40 салымшыға 60 млн теңгеден астам өтемақы төледі. Бұл қаражат өтінім беру мерзімін өткізіп алған, бірақ себептерін растайтын құжаттар ұсынған салымшыларға жеке қаралғаннан кейін төленген.

Жабылғалы жатқан банктер тізіміне «Валют-Транзит Банк», «Казинвестбанк», Delta Bank, Qazaq Banki, Эксимбанк Казахстан, Астана банк, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan кіреді.

Бұл банктер бойынша өтемақы төлеу мерзімі аяқталған. Талап етілмеген сомалар салымшылардың атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке шоттарына аударылған. Дегенмен, өтініш беру мерзімін өткізіп алған, бірақ оған дәлелді себептері бар азаматтар өтемақы алу үшін әлі де өтініш бере алады.

Дәлелді себептер қатарына әскери қызметке шақырылу, Қазақстан аумағынан тыс жерде болу, мұрагерлік рәсімдеу, бас бостандығынан айыру орындарында болу және сотпен белгіленген өзге де мән-жайлар жатады.

Өтемақы алу құқығын растау үшін әрбір себепке сәйкес келетін құжаттар қажет. Мысалы, әскери қызметті өткеру туралы әскери бөлімнен анықтама, елден тыс жерде болу туралы паспорттағы мөр немесе шетелге шыққанын растайтын белгі, мұрагерлікке байланысты нотариалды куәлік немесе сот шешімі ұсынылады.

Маңыздысы ұсынылған құжаттар салымшының өтемақы алуға өтініш бере алмай жүрген кезеңді толық қамтуы тиіс. Бұл мерзім банк лицензиясынан айырылған күннен бастап есептелетін бір жылдық уақыт аралығы.

Өтінішті азаматтар ҚДКҚ кеңсесіне барып немесе пошта арқылы жолдай алады. Пошта арқылы жіберген жағдайда өтініш иесінің қолы нотариалды куәландырылып, жеке куәліктің көшірмесі қоса тіркелуі керек. Қор өтініштерді бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Егер өтініш мақұлданса, қаражат салымшының банк шотына аударылады. Ал бас тартылған жағдайда қор өтініш иесіне бас тарту себебін түсіндіріп, құжаттағы қателіктерді түзету жөнінде ұсыныстар береді.

Қазіргі таңда 148 мың салымшы өтемақы алып, 113 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған. Бұл көрсеткіш қордың барлық міндеттемесінің 98 пайызын құрайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.99 ℃
Ночью8.28 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с