Қыс таяп қалды: көлікті қысқа қалай дайындау керек

Күз-қыс маусымы басталған сайын дөңгелек ауыстыру мәселесі барлық автокөлік жүргізушілері үшін өзекті бола түседі. 

Ашық дереккөзден

Уақытылы «қайта жабдықталу» тек жолдағы қауіпсіздікке ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заң талаптарына да тікелей байланысты. Толығырақ zakon.kz ақпаратында.

Дөңгелектерді қашан ауыстыру керек?

Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, қысқы дөңгелектерді пайдалану 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін міндетті. Алайда тәжірибелі жүргізушілер мен мамандар тек күнтізбеге емес, ауа температурасына назар аударуға кеңес береді:

  • егер тәуліктік орташа температура +7°C-тан төмен түссе, қысқы дөңгелекке ауысатын уақыт келді;
  • көктемде температура +7°C-тан тұрақты жоғары болса, жазғы дөңгелекке қайта оралуға болады.

Айта кету керек, елдің әр өңірінде ауа райы әртүрлі: солтүстікте дөңгелек ауыстыруды қазан айында, ал оңтүстікте – қарашада жасаған жөн.

Дөңгелектерді ауыстыру тәртібі

Ауыстырылған дөңгелектерді дұрыс сақтау

Олардың жай-күйін тексеріңіз

Қысқы дөңгелектерде протектор тереңдігі кемінде 4 мм, ал жазғысында – кемінде 1,6 мм болуы тиіс.

Жарықтар, ісінулер немесе біркелкі емес тозу болмауы керек.

Дөңгелектердегі ауа қысымын тексеріңіз. Ауыстырғаннан кейін қысымын көлік өндірушісі көрсеткен нормаға келтіріңіз (әдетте бұл ақпарат көліктің есік тірегінде немесе бензобак қақпағында жазылады).

Балансировка жасау. Дөңгелектерді орнатқан соң діріл мен біркелкі емес тозудың алдын алу үшін балансировка жасату ұсынылады.

Егер дөңгелек дискімен бірге болса – горизонталды күйде жатқызып немесе ілулі сақтау керек.

Егер дискісіз болса – вертикалды күйде сақтап, уақыт өте келе бұрып тұру қажет.

Сақтау температурасы: +5°C пен +25°C аралығы, тікелей күн сәулесінен аулақ жерде.

Дөңгелектерді уақытында ауыстыру неге маңызды?

Оларды уақытында ауыстырмау келесі келеңсіздіктерге алып келуі мүмкін:

ЖҚЕ талаптарына сәйкес келмегені үшін айыппұл (кей жағдайларда ескерту немесе әкімшілік жаза беріледі).

тайғақ жолда тежелу қашықтығының ұлғаюы;

көлікті басқару қиындайды;

дөңгелек пен көлік аспасының тез тозуы;

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-15
Утром5.58 ℃
Днем10.17 ℃
Вечером6.99 ℃
Ночью7.05 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.64 м/с
2025-11-16
Утром5.67 ℃
Днем6.26 ℃
Вечером3.55 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.75 м/с