БҚО-ның шекара аймақтарындағы ауруханаларда 50 дәрігер жетіспейді

Министрліктің былтырғы есебіне сай елдегі ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарында 14 747,5 дәрігер мен 42 225 орта буын қызметкер жұмыс істейді. Ондағы дәрігерлердің тапшылығы 7,28 %, ал орта буындағы мамандардың жетіспеушілігі 2,17%-ы құрайды.

Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының шекара маңындағы аудандарда медициналық кадр тапшылығы ушығып тұр. Қазір Бәйтерек, Бөкей орда, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Тасқала және Шыңғырлау аудандарының ауруханаларында 50 дәрігер жетіспейді. Бұл жөнінде БҚО денсаулық сақтау басқармасы sarapshy.info агенттігіне хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе және Атырау облыстарымен және Ресейдің Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор облыстарымен шектеседі. Шекара маңында 7 аудандық аурухана, 21 дәрігерлік амбулатория, 31 фельдшерлік-акушерлік пункт және 88 медициналық пункт жұмыс істеп тұр.

Бұл нысандарда барлығы 19 дәрігер мен 1356 орта медициналық қызметкер еңбек етеді.

Соңғы үш жылда 15 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткен, бірақ 2025 жылы шет аудандарда жөндеу жұмыстары жоспарланбаған. Қаржыландыру көлемі де төмендеп келеді: 2023 жылы шекаралық аймақтардағы медицина саласына 14,6 млрд теңге, 2024 жылы 12,4 млрд теңге, ал 2025 жылға 11,6 млрд теңге бөлінген.

Қазір шекаралық аймақтарда 115 жедел жәрдем көлігі бар, алайда науқастарды тиісті медициналық көмекпен дер кезінде қамтамасыз ету үшін тағы 41 көлік қажет.

Қазақстандықтардың шамамен 41%-ы ауылда тұрады. Ауылдағы жедел жәрдемнің қазіргі ахуалын министрлік кадр тапшылығымен байланыстырады. Министрліктің былтырғы есебіне сай елдегі ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарында 14 747,5 дәрігер мен 42 225 орта буын қызметкер жұмыс істейді. Ондағы дәрігерлердің тапшылығы 7,28 %, ал орта буындағы мамандардың жетіспеушілігі 2,17%-ы құрайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.48 ℃
Ночью7.43 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с