БҚО-да жасанды интеллект орнатылған асфальт төсеуші техника сынақтан өтті

Арнайы бағдарламаға бағынатын «ақылды машина» енді жұмысты жеңілдетпек. Асфальттың төселуін қадағалайтын жаңа бағдарлама бұған дейін Астана қаласында сыналған. 

Батыс Қазақстан облысында жасанды интеллект орнатылған асфальт төсеуші техника сынақтан өтті. Арнайы бағдарламаға бағынатын «ақылды машина» енді жұмысты жеңілдетпек. Асфальттың төселуін қадағалайтын жаңа бағдарлама бұған дейін Астана қаласында сыналған. Енді тың технология Ақжайық өңіріне де жетті. «Подстепное — Федоровка — Ресей шекарасы» тас жолының 108 шақырымының асфальтын осы техника өзі төсеп шықты. Тәжірибе нәтижесі мамандардың көңілінен шыққандай.

АЙБАР ӘУБӘКІРОВ, ЖҰМЫСШЫ:

Мына катоктың ерекшелігі — указатель бәрі көрсетіліп тұрады мұнда. Қанша уплотнениесі бар, қанша градуста асфальт ыссылықта, бәрін өзі автоматически көрсетіп тұрады басқа катоктардан айырмашылығы. Қанша проход жасады екі ортада.

«Ақылды техниканы» тіпті кеңседе отырып басқаруға болады. Төселген асфальттың тығыздығы мен қалыңдығы, жұмыстың сапасы секілді керек деректің бәрі планшетте көрсетіледі. Бұл технология өңірде жол салу жұмыстарын жеңілдетпек, дейді сала мамандары. Мемлекет басшысы да биылғы Жолдауында жол саласына цифрландыру жүйесін енгізуді тапсырған еді.

ЖАННА КЕНЖИНА, ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл смарт техникада жүргізуші тек асфальттың қалыңдығын таңдайды, қалғанын каток өзі реттейді. Президентіміз барлық салада цифрландыруға көшуді тапсырды. Мұндай ақылды техникалар жол-құрылыс жұмыстарының сапасын арттыруға, уақыт жағынан тиімді етуге мүмкіндік береді.

astanatv

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.73 ℃
Ночью7.21 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с