Енді банктер несие алушыға барлық сыйақысы мен комиссиясын ашып көрсетуге міндеттеледі

Банктер несие алушыға барлық комиссиясын ашып көрсетуге міндеттеледі. Яғни, қаржы ұйымдары сайтында не мобильді қосымшасында онлайн-есептегіш орналастырады.

Фото: Ашық дереккөз

Енді несие рәсімдеуге ниетті қазақстандықтар артық төлем нақты қанша сомаға айналатынын алдын ала біле алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Банктер несие алушыға барлық комиссиясын ашып көрсетуге міндеттеледі. Яғни, қаржы ұйымдары сайтында не мобильді қосымшасында онлайн-есептегіш орналастырады. Ал тұтынушы несие алмас бұрын, керекті сомасын жазып, сыйақы мен өзге де алымдар қосылғандағы несиенің нақты құнын көреді. 

Осылайша, банктер мен микроқаржы ұйымдары тек өздеріне ғана оңтайлы тағы бір тетіктен айырылғалы отыр. Өйткені, бұдан былай жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін анық әрі қанық бояумен жазуға міндетті. Яғни, шартта әдеттегі ұсақ қаріптер емес, бір қарағанда көзге ілінетін сандар тұрады. Бұл тәртіп сайт пен мобильді қосымшаларындағы жазбалар мен жарнамаларға да қатысты болмақ. Бастысы, банктер несие құнын алдын ала білуге мүмкіндік беретін онлайн-есептегіш ұсынуға тиіс. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдерінің айтуынша, бұл талап тұтынушылардың құқығын қорғауға ықпал етеді. Себебі, тұтынушы алған несиесінің үстінен нақты қанша теңге артық төлеуі керектігін біліп отырады және соған қарай шешім қабылдайды.

“Тұтынушы қарызды рәсімдемес бұрын, оның толық құнын алдын ала көріп, шешім қабылдайды. Жеке және заңды тұлғаларға арналған қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есебіне қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ сақтандыру компанияларының, кепіл берушілердің, бағалаушылардың және делдалдардың кредит беру шарттарына әсер етсе, олар міндетті түрде көрсетілуі тиіс”, – дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов.

Айта кетейік, өзгерістер 18 қазан күні күшіне енбек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем8.05 ℃
Вечером8.53 ℃
Ночью8.18 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.4 ℃
Днем8.61 ℃
Вечером8.98 ℃
Ночью7.66 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра3.83 м/с