«Оның он бесі бала»: Оралда 42 адам шұғыл эвакуацияланды

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖД

Оралда 12 қазан күні тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 42 адам эвакуацияланды.

Оқиға Мөңкеұлы көшесі бойында 9 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 8-ші қабатта орналасқан пәтердің бірінде жеке заттардың жануы орын алған.

«9 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатында орналасқан пәтердің бірінде жеке заттардың жануы орын алды. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 2 адамды эвакуациялап, 40 адам өздігінен эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала.», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, бүгін Орал қаласының Зачаганск кентінде Жәңгірхан көшесінде электр трансформаторының жануы орын алды. Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандандырылған сараптама жүргізіп жатыр.

Құтқарушылар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді:

түтін немесе күйік иісін сезсеңіз, дереу 112 нөміріне хабарласу.

электр және жылыту құралдарын қараусыз қалдырмау;

электр токтарын шамадан тыс жүктемеу;

балаларды үйде қараусыз қалдырмау;

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.99 ℃
Ночью8.28 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с