Ресейдегі миграциялық шектеулер: қазақстандық жүк көлік жүргізушілеріне жақсы жаңалық

Бұған дейін Ресейде қабылданған заңнамаға сәйкес, шетел азаматтарына ел аумағында тіркеусіз 90 күннен артық болуға тыйым салынған еді — бұл талап кіру-шығу санына қарамастан қолданылуы тиіс болатын.

Сурет: АқЖайық

Ресейде енгізілген жаңа миграциялық шектеулер қазақстандық тасымалдаушыларға қолданылмайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін Ресейде қабылданған заңнамаға сәйкес, шетел азаматтарына ел аумағында тіркеусіз 90 күннен артық болуға тыйым салынған еді — бұл талап кіру-шығу санына қарамастан қолданылуы тиіс болатын.

Алайда 10 қазан күні Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев Facebook парақшасында қазақстандық жүргізушілерге қатысты бұл норма күшіне енбейтінін хабарлады.

«Біздің Үкімет Ресей Федерациясындағы әріптестерімен жедел байланысқа шығып, кеше кешке халықаралық жүк және жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жаңа шектеулерді қолданбау туралы шешім қабылданды», — деді депутат.

Бұл шешімнің арқасында қазақстандық тасымалдаушылар енді Ресей аумағында «90 күндік шектеу» нормасына бағынбайды және миграциялық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл немесе депортацияға ұшырамайды.

Айта кетейік, бұған дейін Болатбек Әлиев жүк көлік жүргізушілерінің жаңа норма салдарынан қиындықтарға тап болғанын жазған болатын. Ал 9 қазанда вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми хат жолданғанын, мәселенің сыртқы саудаға кедергі келтіретінін атап өткен еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.76 ℃
Ночью8.1 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с