Қазақстандықтар АИ-92 бензині мен автогаз қымбаттауына шағым түсіре алатын жедел желі ашылды

Энергетика министрлігінің мәліметінше, егер жүргізушілер бағаның негізсіз өсуін немесе жанармайдың болмауын байқаса, (+7 701 855 02 48) нөміріне хабарласа алады.

Ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаз тапшылығына шағым қабылдайтын жедел желі ашты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, егер жүргізушілер бағаның негізсіз өсуін немесе жанармайдың болмауын байқаса, (+7 701 855 02 48) нөміріне хабарласа алады.

«Әрбір шағым мұқият қаралады. Егер бұзушылықтар анықталса, нарықтағы адал емес ойыншыларға шара қолданылады», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Министрлік агенттікпен және өңірлік штабтармен бірлесіп, жасанды тапшылық пен алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу бойынша қатаң бақылау жүргізетінін атап өтті.

Сонымен қатар, ведомство аймақтарға қажетті бензин мен дизель отыны толық көлемде жеткізілгенін, сондықтан тапшылыққа объективті себеп жоқ екенін хабарлады. Ал сұйытылған газ бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлерге қосымша көлем бөлінген.

Министрлік өкілдері атап өткендей, кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жергілікті деңгейдегі логистика мен үлестіру мәселелеріне байланысты, жүйелік тапшылық жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель бағасы бекітілгенін жазған едік. Қазір ірі жанармай құю бекеттеріндегі баға диапазоны АИ-92 маркалы бензиннің литріне 213 теңгеден 239 теңгеге дейін, дизельдік отынның литріне 317 теңгеден 337 теңгеге дейін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем5.83 ℃
Вечером4.9 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с