“Қол көтерген”. Оралда балабақша қызметкері жұмыстан кетті

Балабақша әкімшісі тарапынан балаға орынсыз қарым-қатынас фактісі расталды. Материалдар тергеу органдарына жолданды.

Фото: bezformata.com

Әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің балаға дөрекілік танытқаны жөнінде бейнежазба тарады, деп хабарлайды «adyrna.kz» ұлттық порталы.

Бұл туралы баланың анасы Ранида Ералиева хабарлап, дабыл қаққан. Оқиға Орал қаласындағы жеке балабақшаның бірінде болған. Ата-ана балабақша әкімшісі баланы кереуетке лақтырып, кейін еденге тастаған және камера орнатылмаған жертөлеге алып кеткен.

Ранида Ералиеваның сөзіне қарағанда, баланың психологиялық жағдайы нашарлап, денесінде көгерген іздер байқалған. Ата-аналар ай сайын балабақшаға 120 мың теңге төлейді.

Орал қалалық білім беру бөлімі бұл жағдайға байланысты ішкі тексеру жүргізіп, бейнежазбаларды қарап шыққан.

бейнеден скрин

«Балабақша әкімшісі тарапынан балаға орынсыз қарым-қатынас фактісі расталды. Материалдар тергеу органдарына жолданды. Әкімші қызметінен шеттетіліп, тәрбиеші жұмыстан босатылды», — делінген ресми хабарламада.

Бөбекжайда онлайн бақылау жүйесіне ата-аналардың қолжетімділігі қамтамасыз етілді. 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем5.29 ℃
Вечером4.33 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с