20 мың теңге: енді автокөлікті 5 минуттан артық оталдырған жүргізушілер жазаланады

5-10 мың емес бірден 20 мың теңге төлеуге міндеттелесіз.

Getty Images / Irina Vodneva

Енді елімізде автокөлігін 5 минуттан артық оталдырған жүргізушілер жазаланады. Яғни, аула ішінде шамадан тыс уақыт моторын қосып қойған азаматтар айыппұл арқалайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы. 
5-10 мың емес бірден 20 мың теңге төлеуге міндеттелесіз. Қазір көпқабатты үйлердің аулаларында осындай көрініс жиі байқалады. Таңертең көліктер оталып, түтін көтеріледі. Бірақ 5 минуттан артық машинаңызды оталдырып қойсаңыз айыппұл төлейсіз. Себебі заң бойынша мұндай жағдайға нақты шектеу қойылған. 
Жаңа талапқа сай, егер көлік тұрғын үй аумағында 5 минуттан артық оталып тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса онда қожайын әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірақ бәрі ойлағандай қатаң емес. Яғни полиция көлігін оталдырып қойған әр жүргізушіні қудаламайды. Шағым түссе және дерек дәлелденсе ғана айыппұл салады. 

«Көлік тұрғындарға ыңғайсыздық тудырса ғана айыппұл салынады. Дегенмен, жолаушыларды отырғызу немесе жүкті тиеу себептерінен темір тұлпар артық уақыт тұрса, жазаланбайды. Әкімшілік іс тек азаматтардан шағым түскен жағдайда және заң бұзушылық дәлелденсе ғана қозғалады», – делінген ІІМ хабарламасында.     

Ал автосарапшы Бақытжан Қонақбаевтың ойынша, жүргізушілерге шектеу қою дұрыс емес. 

«Қазір қытайдың көліктерін мініп жүрміз. Олар 5 минутта қыза қоймайды. Сол себептен кішкене бір 10-15 минут болса, өте жақсы болар еді деп ойлаймын. Халық барлығы жаңа көлік мініп жүрген жоқ. Сол себептен ескі көліктерді де, қарауымыз керек», – деді автосарапшы Бақытжан Қонақбаев. 

Аталған норма елімізде жыл мезгіліне және көліктің тұрған жеріне қарамастан қолданылады. Демек, басты шарт — өз көлігіңді емес, өзгенің тыныштығын ойлау. 

Дереккөз: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-5.68 ℃
Ночью-5.87 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с