БҚО-да банктік шоттарды заңсыз пайдалану бойынша қылмыстық схема әшкереленді

Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 млн теңгеден асқан.

Ашық дереккөзден

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті банктік шотты заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Ұйымдастырушылар уақытша табыс табу ретінде жастарға екінші деңгейлі банктерден өз атына шот ашуды ұсынған.
Интернет-банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен.
Мұндай әрекеттерге қатысқан тұлғалар – «дропперлер» 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған.
Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған.
Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 млн теңгеден астқан.

Эпизодтардың бірінде банктік картасы бұғатталғаннан кейін бір дроппер заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан.Қылмыстық топтың қатысушылары оны күштеп ұстап, қорқытып, шотқа қайта кіруді қалпына келтіруді талап еткен.Қазіргі уақытта ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, соттың санкциясымен қамауға алынған.
Тергеу жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Еске салсақ, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қолжетімділікті беру, тарату не иелену үшін жауапкершілікті белгілейтін 232-1-бап енгізілді. Бұл бап мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью4.06 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с