Оралда полиция бірнеше көлікті ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Орал қаласында полицейлер бірнеше автокөлікті айдап әкеткен күдіктіні қолға түсірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті жуырда Audi автокөлігін айдап әкеткеннен кейін жедел түрде анықталып, ұсталды. Көліктің қозғалысы қалалық жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынып, полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет еткен. Тергеу барысында күдіктінің сол күні тағы бір Volkswagen автокөлігін де айдап кеткені белгілі болды.

Бұған дейін ол тағы үш автокөлікті ұрлағаны анықталды. Жалпы, биылғы жылдың тамыз айынан бері күдікті бес көлікті заңсыз айдап әкеткен. Оның екеуі Бәйтерек ауданында, ал үшеуі Орал қаласында жасалған. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды.

Күдіктінің айтуынша, ол көліктерді «мініп көру мақсатында» айдап кеткенін айтқан. Алайда полицейлер бұл әрекетті заң бойынша ауыр құқық бұзушылық деп бағалады.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с